Білім
1 мин оқу 435

2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп пайдалануға беріледі – БҒМ

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов&nbsp;&laquo;Nur Otan&raquo; партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысына қатысты,&nbsp;деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2021-2025 жылдар аралығында елімізде 800 жаңа мектеп пайдалануға берілетінін айтты.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, биыл 200 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде нысаналы құрылыс есебінен – 163 мектеп, МЖӘ тетігі есебінен – 6 мектеп, жекеменшік мектептер желісін дамыту есебінен 31 мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл апатты мектептердің, үш ауысымды мектептердің проблемасын басым тәртіппен шешуге және оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: