Аймақтар
1 мин оқу 364

Маңғыстау облысында жем-шөп сатып алуға 5,3 млрд теңге бөлінді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында қысқы мал азығын дайындауға 5,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша 5,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,9 млрд теңгесі шөп сатып алуға, ал қалған 3,4 млрд теңге жем сатып алуға бағытталады. Осылайша, облыста қыс мезгіліне арналған жем-шөп қорын қалыптастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әр ауданда операторлар анықталды, республиканың басқа аймақтарынан шөп тасуға дайындық жүріп жатыр», деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Премьер-Министр Асқар Мамин жақында Маңғыстау облысына жасаған сапарында шаруа қожалықтарына шөпті қолжетімді бағамен сатып алуға және жеткізуге қосымша қаражат бөлінетінін айтқан болатын.

Бөлісу:
Маңғыстау облысында жем-шөп сатып алуға 5,3 млрд теңге бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар