TOKYO2020
1 мин оқу 195

Токио-2020: Софья Берульцева жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжадық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті.

Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.

Бөлісу:
Токио-2020: Софья Берульцева жартылай финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар