TOKYO2020
1 мин оқу 270

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков қола жүлдеге таласады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Токио Олимпиадасында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) жұбаныш белдесуін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бұл кездесуде қазақстандық балуан сенегалдық Адама Диаттамен кездесті. Дәулет кездесудің алғашқы бөлігін 6:0 есебімен аяқтады.

Екінші бөлігінде де оның белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде қарсыласын 10:0 еесбімен тізе бүктірді. Қарсыласынан он ұпайға ұзап кеткендіктен Дәулет белдесуді ерте аяқтады.

Адама Диатта 1988 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Африка чемпионатында 8 мәрте алтын, 1 мәрте күміс, 1 мәрте қола алған.

Сондай-ақ, Африка ойындарында екі мәрте чемпион атанды. Дәулет бұл мүмкіндікке әзербайжандық Гаджи Әлиев финалға шыққаннан кейін қол жеткізіп отыр.

Ол аталған қарсыласына жартылай финалда 1:9 есебімен жол берген еді. Дәулет алғашқы жекпе-жегінде кубалық Алехандро Вальдесті 21:11 есебімен жеңген болатын.

Г. Әлиев жартылай финалда үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты.

Бөлісу: