Саясат
1 мин оқу 190

Ұлықтау рәсіміне қатысты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.</p>

Ұлықтау рәсіміне қатысты

Иран Ислам Республикасы Пар­­ламентінің ғимаратында өт­кен рәсім кезінде Ибрахим Раи­си рес­ми түрде қызметке кірі­сіп, ел­дің жоғарғы заң шығару­шы органы де­путаттарының алдында ант берді.

Тегеранда болған кезде Иран Мәжілісінің Төрағасы Мухам­мад Галибафпен кездесу болды, оның аясында тараптар Қазақстан-Иран қатынастарының жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ өз­ара мүдде­лілік тұрғысында халық­аралық күн тәртібінің мәселелерін талқылады.

Иран Ислам Республикасы Мәжілісіндегі «Иран-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Голам Нуримен келіссөз жүргізі­ліп, екіжақты сипаттағы және халық­аралық ұйымдар аясын­дағы парламентаралық ынтымақтас­тық мәселелері талқыланды.

Сенат Төрағасының орынба­сары Иран Ислам Республика­сының Мақсатты белгілеу жөнін­дегі кеңесінің хатшысы Мохсен Резаимен кездесті. Онда ҚР Пар­­­­ламенті қызметінің негізгі ба­ғыт­­­тары, сондай-ақ қазіргі уа­қыт­­та Қа­зақ­­станда жүргізіліп жат­қан өз­­ге­ріс­тер туралы хабардар етілді.

Мақсатты белгілеу жөніндегі кеңес – Иранның жоғарғы көшбас­шы­сы жанындағы биліктің барлық тар­мақтарын қадағалайтын өкілет­тік­терге ие әкімшілік құры­лым. Кеңес құрамына Иранның бұ­рын­ғы президенттері мен көрнекті қайраткерлері кіреді.

Асқар Шәкіров инаугура­циялық шаралар аясында оған қатысқан шетел делегация басшыларымен жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.

Ибрахим Раиси Иранда 18 маусымда өткен президенттік сайлауда жалпы дауыс санының 61,95%-ын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу:
Ұлықтау рәсіміне қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар