Аймақтар
1 мин оқу 333

Қажымайтын Қажытай 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының Асхат Қажытай есімді тумасы өзінің &laquo;Жаяу&raquo; марафон&raquo; атты жобасы арқылы жұртшылыққа танымал бола бастады. Ол осыдан біраз бұрын кеншілер астанасынан Ақтоғай ауданындағы Ақсораң тауына дейінгі 333 шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтіп, ел назарын өзіне аударған болатын.</p>

Қажымайтын Қажытай 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

Енді міне, талапты ер Қара­ған­дыдан тағы да жаяу жорыққа шығып, Ұлытаумен аралықтағы 777 километр болатын жолды ба­ғындырды.

Өзін продюсер әрі блогер ре­тінде санайтын Асхат Қажытай бұл жобасын Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­дығына арнайтынын айтады.

– Менің «Жаяу» марафо­ным­ның негізгі мақсаты – адам­дарға аудандар мен ауыл­дар­дың өмірі мен тарихы туралы айтып беру. Мені алда ұзақ жол күтіп тұр. Мі­не, осы сапар алдында мен қа­сиетті Ұлы­тауға барып, бата алуға шешім қабыдаған едім, – дейді ол.

 Күннің аптап ыстығына қара­мастан ұзақ жолды қажымай-тал­май жүріп өткен Асхат Қа­жытайға аудан орталығындағы «Ұлытау – ұлт ұясы» монументінің жанында лайықты қошемет көрсетілді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, арулар қайсар жігітке қымыз ұсынды. Ұлытау ауданының әкімі арнайы қабылдап, сый-сияпат жасады.

Жаяу Асхаттың алдына қойған мақсаты зор. Ол өзінің бес маршруттан тұратын жобасының нүк­те­сін күз айында Түркістанда қой­мақшы. Одан кейін жаяу марафон кезінде көрген-білгенін, алған әсерін арқау етіп, кітап жазып және видео есеп жасамақшы.

Ал болашақта ол жаяулатып Еуропаға сапар шегуді ойластырып жүр.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қажымайтын Қажытай 777 шақырымды жаяу жүріп өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар