Аймақтар
1 мин оқу 432

Екібастұзда есірткі сақтаған азамат қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда синтетикалық есірткінің 23 түйінін үйінде сақтап жүрген тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ekibastuzda-sintetikalyq-esirtkining-23-tujinin-ujinde-saqtaghan-turghyn-ustaldy/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Жедел-іздестіру шаралары барысында Екібастұз қаласының 28 жастағы тұрғынының үйінде ұнтақ тәрізді заты бар 23 түйір табылып, тәркіленді.

«Сараптама қорытындыларына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі болып табылады, оның жалпы салмағы алты грамнан асады, бұл аса ірі мөлшерге жатады», деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу: