Спорт
1 мин оқу 140
Нұр-Сұлтанда триатлоннан Азия чемпионаты өтпейтін болды
<p style="text-align: justify;">3-5 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда U19, U23 және Mixed Relay санатындағы Азия чемпионаты өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шара өтпейтін болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғандықтан, сондай-ақ еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес, ұйымдастыру комитеті Нұр-Сұлтандағы Азия біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Келесі жылы елдегі эпидахуал тұрақталып, жоспарланған жарыстар мерзімінде өтеді деп сенеміз», деп жазылған федерацияның хабарламасында.
Бөлісу: