Аймақтар
1 мин оқу 364

Зайыбына спирт шашып өртемек болған ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы ауылдарының біріндегі той жанжалмен аяқталды. Ішімдікке масайған ер адам әйеліне спирт шашып, өртеп жіберді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.zakon.kz/5078607-oblil-zhenu-spirtom-i-podzhog-pyanaya.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">zakon.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

8 тамызда ерлі-зайыптылар қайын атасының мерейтойын атап өту үшін қонаққа барған. Әйелі күйеуіне көлікке мас күйде отыруға тыйым салған кезде жанжал басталды. Нәтижесінде ашуланған күйеуі әйелінің үстіне спирт шашып, өртеп жіберді.

«Бірінші дәрежелі күйік алған ауыл тұрғыны Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті ҚР ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Павлодар облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров

Бөлісу:
Зайыбына спирт шашып өртемек болған ер адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар