Коронавирус
1 мин оқу 920
Шымкентте карантин шектеулері жеңілдетілді
<p>Шымкент қаласының Бас мемлекеттік дәрігері қаладағы карантиндік шаралар туралы <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-shymkent/documents/details/200611?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қаулыға</a> өзгеріс енгізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жаңа өзгерістер тек Ashyq бағдарламасына қатысатын объектілерге ғана қатысты.
Қаладағы бірқатар объектілердің жұмыс уақытындағы өзгерістер:
- Орталықтар мен сұлулық салондары, шаштараздар - уақыты бойынша 7:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, алдын ала жазылу бойынша Ashyq жобасының «көшбасшысы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрумен.
- Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) - 7:00-ден 17:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар сағат 19:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- ХҚКО 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Алдын-ала брондау міндетті болып табылады.
- Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері - 7:00-ден 22:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- Жазғы алаңдар - 7:00-ден 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- СОО, сауда үйлері, сауда желілері - 7:00-ден 22:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар – толымдылығы 30%-дан аспайтын, сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін, «көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар сағат 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бөлісу: