Аймақтар
1 мин оқу 205

Шығыс Қазақстанда суға батқан 6 бала құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға бата жаздаған 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық ТЖ департаментіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/239387?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиғалардың көбісі жабдықталмаған су айдындарында орын алған.

«Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өкінішке қарай, қаза болғандар да аз емес. Олар мас күйінде шомылғандар және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар», деді ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Бөлісу: