Әлем
2 мин оқу 252

Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы

<p style="text-align: justify;">Орталық Азия ел&shy;дері&shy;нің президенттері Түрік&shy;&shy;&shy;менстанда өт&shy;кен Ор&shy;та&shy;лық Азия мемле&shy;кет&shy;тері бас&shy;шы&shy;ларының Консультативтік кездесуі&shy;нің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеде Ауған&shy;станда азаматтық бейбітшілікке тезірек қол жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.</p>

Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы

«Тараптар көрші Ауғанстандағы жағ­дайдың жуық арадағы реттелуі Ор­талық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты сақтау мен нығайтудың ма­ңызды факторларының бірі болып табыла­тынын растайды. Осыған орай, Тарап­тар Ауған қоғамындағы азаматтық бей­біт­шілік пен келісімге жедел қол жет­кізуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді», делінген мәлімдемеде.

Президенттер Орталық Азия­дағы, Ядро­лық қарудан азат аймақ ту­ра­лы шартты іске асыру бойынша өңір мемлекеттерінің белсенді ын­тымақ­тастығын жалғастыруға дайын екен­діктерін білдірді және ядролық қару­сыз­дану мен таратпау ісінде күш-жігерді шо­ғырландыру мақсатында басқа да ядро­лық қарусыз аймақтармен өзара іс-қи­мыл­ды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшылары жаһандық климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы мұздықтарға теріс әсерін ескере отырып, Тәжікстан Республикасы Президентінің 2025 жылды Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы деп жариялау және Мұз­дық­тарды қорғау халықаралық қорын құру туралы ұсынысын қолдады.

Мемлекеттер басшылары Түрік­менстан Президентінің Төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған БҰҰ Стратегиясын әзірлеу туралы бас­та­масына, сондай-ақ БҰҰ аясында энер­­гети­кадағы басым бағыттардың бірі ре­тінде сутегін дамыту жөніндегі халық­аралық «Жол картасын» құруға қолдау білдірді.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ аясында Аурулар және биоқауіпсіздікті ба­қы­лау жөніндегі өңірлік орталықтар же­лі­сін құру, сондай-ақ БҰҰ аясында арнайы көпжақты орган – БҰҰ Қауіпсіздік Ке­­ңе­сіне есеп беретін Биологиялық қауіп­­сіздік жөніндегі халықаралық агент­тік құру туралы бастамасына қолдау білдірді.

Бөлісу:
Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар