Оқиға
1 мин оқу 1,221
Алматыдан шыққан ұшаққа найзағай түсті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыдан ұшып шыққан «Эйр Астана» ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды.
«Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағай түспеген болып шықты», деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілі.
Бөлісу: