Қазақстанда Pfizer вакцинасы кімдерге егіледі?
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Ошакбаев LIVE» бағдарламасында бірнеше сұраққа жауап беріп, Pfizer вакцинасы Қазақстанда қашан қолжетімді болатыны туралы айтып өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің айтуынша, Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілгенмен, ол барлығына бірдей салынбайды. Бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға егіледі.
Сондай-ақ Алексей Цой алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған еді.