Аймақтар
1 мин оқу 220

Қазалыда вирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Қазалыда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты кезекті штаб отырысы өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазалыда вирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр

Отырыста аудан көлеміндегі жиын-тойдың тоқтамай тұрғаны айтылды. Осыған орай аудан басшысы Мұхтар Оразбаев мониторингтік топтардың жұмысын сынап, қатаң шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Мұнан соң аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова Әйтеке би кентінде жұқпалы індетке шалдыққандардың қарасы қалың екенін тілге тиек етті. Сол үшін де аудан орталығында жиын-той ұйымдастыруды тоқтату қажетін айтты.

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева аудандағы вакцинациялау жұмыстары жөнінде айтып берді.

Бас дәрігер Бақытгүл Әлмәмбетқызының айтуынша, қазір 6 науқастың жағдайы өте ауыр. Бір отбасынан 3 адамның індет жұқтырғаны жайлы деректер бар. 

Бөлісу:
Қазалыда вирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар