Елорда
1 мин оқу 215

Елордада той жасағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының мобильді тобы қдалық пен екі тойды тоқтатты. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан «қызыл аймақта» болғандықтан, инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шаралары қабылданды. Салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Дегенмен тұрғындар Қаулыны елемей отыр. Мәселен, Бөгенбай батыр көшесіндегі El Plaza мейрамханасында 150 адамдық үйлену тойы өтті. Мобильдік топ тексерген кезде той қызу жүріп жатты.

Сол күні «Бақсарай» және «Арман» мейрамханаларында той мен құдалық тоқтатылды.

Материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Демалыс күндері мобильді топ 107 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, 33 карантинді бұзу дерегін анықтады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі кәсіпкерлерге карантин талабын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Елордада той жасағандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар