Коронавирус
1 мин оқу 284

Алматыда міндетті вакцинация нәтижесін тексеру қашан басталады?

<p style="text-align: justify;">ҚР Бас санитарының қаулысына сәйкес, 10 тамызда халыққа қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлерді міндетті вакциналау мерзімі аяқталады. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті тексеріс қашан басталатынын айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тексеріс вакцинаның екінші компонентін алу туралы талап аяқталған соң, нақты айтқанда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі.  

«Вакцинация паспорты немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы анықтама; соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы немесе COVID-19 жұқтырып, емделгені туралы анықтама; вакцина алмаған жұмыскерлер үшін жеті күн ішінде алынған ПТР-тест нәтижесі тексеріледі», деді СЭҚД басшысының орынбасары Садуақас Байғабұлов.

Вакцина алмағандар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл төлейді.

Бөлісу:
Алматыда міндетті вакцинация нәтижесін тексеру қашан басталады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар