Аймақтар
1 мин оқу 730

Атырауда жоғалған 12 бала табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында бір аптада 12 баланың жоғалып кеткені анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда жоғалған 12 бала табылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-8 тамыз аралығында 102 операторына балалардың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты 12 қоңырау  түскен.

«Полиция қызметкерлері 12 баланы 2-3 сағатта іздеп тауып, ата-анасына табыстады. Мәселен, 3 тамызда сағат 23:00 шамасында «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны көпқабатты үйдің бірінің маңынан  адасып жүрген 4 жастағы баланы тауып алғанын хабарлады. Полицейлер адасқан баланың ата-анасын дереу іздеп тапты» деп хабарлады  департаменттің баспасөз қызметі.

Төрт жасар баланың ата-анасына түнгі сағат 23:00-ден кейін жүруіне жол бергені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Бөлісу:
Атырауда жоғалған 12 бала табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар