Қазақстан
1 мин оқу 305

Қазгидромет бес өңірде дауылды ескерту жариялады

<p>Қазгидромет Қазақстанның бес облысында ауа райы болжамына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қаласында күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Бөлісу:
Қазгидромет бес өңірде дауылды ескерту жариялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар