Тарих
2 мин оқу 790

Көне бұйым – көзайым

<p style="text-align: justify;">Испандықтар әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды деседі. Жөн сөз! Біздің тарих базарынан тапқан қазынамыз санаулы болса да, салмағы ауыр. Сондықтан көсіле сөйлеуге болады. Ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы: &laquo;Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы&raquo;. Сол парағы жұқа оқулықта бабалар аманатын арқалаған құндылық бар. Жерден табылған ескі бұйымның естелігі &ndash; ел руханиятының азығы. Мәселен, ғұрыптық шамдалды алып қараңызшы!</p>

Көне бұйым – көзайым

Ғұрыптық шамдал ж.с.д. І мыңжылдыққа жатады. 1979 жылы Алматының оң­түстік өңіріндегі Кіші Ал­маты өзенінің сол жаға­ла­уындағы «ашық аспан ас­тындағы ғибадатханадан» табылған.

Дөңгелек табақша өр­нектелген конус тәрізді тұ­ғырдан тұрады. Оның бас­ты мағынасы – табақ ретінде қызмет атқаруында. Оның шетінде зебулердің мүсіндік фигуралары орналасқан. Мұн­да сиырлардың (бұқа­лар­дың) тұмсығы сәл сыртқа бұ­­рылып, төмен және сол жақ­қа қаратылған.

Салт аттылардың екі мү­сіні ыдыстың беткі бөлі­гін­де орналасқан және тек бі­реуі ғана сақталған. Олар бір-біріне қарама-қарсы жақ­та кері бұрылып тұр. Салт ат­тылардың қолында М тә­різді керілген садақтар бар. Жалпы алғанда, барлық ком­по­зиция мәнді мәнерге то­лы, сонымен қатар жа­йыл­ған жануарлардың қатып қа­лған бейнесі арқылы ыж­да­ғат­тылықпен күту сәтін көрсетеді.

Бұл сахна нені меңзейді? Әлбетте, әлемнің барлық жа­ғын қорғайтын салт атты (дұрысы, қос салт атты) – әлем­дік таудың шыңы болған Митра Күн құдайының бей­несі. Митра – ең кең мүм­кін­діктерге ие, бұл жағдайда жайылымдардың иесі, жердің жоғарғы қорғаушысы, ғарыш тәртібін қорғаушы рөлінде бола алады.

Алайда сюжет басқа да түсініктер беруі мүмкін. Шам­­да Митра құдайы бейнеленген. Ол жындармен най­зағайдың көмегімен шай­қасып, жебемен қара бұлт­тарды жарып, жындармен және қараңғылықпен өші­рілген өмір шамшырағын жағуда. Сондай-ақ аспан сәу­­лесіне жерге нәр беретін жаң­­­бырлы бұлттарды бей­не­лейтін сиыр табынын өріс­ке шығаруда. Осылайша қыс пен түнек кері шегініп, көктем келеді. Ал жарық сиыр­лардың бейнесінде көр­се­тілген. Ұлттық музей­де ор­наласқан ұлттық бұйымның сырт­қы сипаты мен ішкі астары осындай.

Бөлісу:
Көне бұйым – көзайым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар