Коронавирус
1 мин оқу 136

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстанда апталық өсім 10%-ды құрады. «Дельта» штамының анықталуына байланысты шілдеде аурушаңдық өсті, бірақ тамыз айының басынан бері баяулағаны байқалды. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды», деді Денсаулық сақтау министрлігі Үкімет отырысында.

Министр 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9%-ға - 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендегенін атап өтті. Нұр-Сұлтанда көрсеткіш біреуден төмен болды, Алматыда R саны 19%-ға қысқарды.

Бөлісу:
Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар