Қостанай облысында екі жастағы бала құдыққа құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында екі жастағы бала тереңдігі сегіз метр болатын су құдығына құлады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 10 тамыз күні Қостанай облысының Садчиковка ауылында сағат 17.25-те болған. Құтқарушылар сағат 17.54-те келген кезде бала есін біліп жатқан.
«Құтқарушылар мән-жайды бағалағаннан кейін, балаға зиян келтірмей, құдыққа параллель шұңқыр қазуды бастады. Ол 3,5 метр тереңдікте болды. Құтқарушылар баланы құдықтан сағат 19.20-да шығарып, медициналық көмек көрсету тобына тапсырды», деді Талғат Уәли.
Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 9 қызметкері мен 2 техника жұмыс істеді. Ауыл тұрғындары да көмекке келді.
Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.