Білім беру ұйымдарына қандай міндеттер қойылады?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Барлық білім беру ұйымдарында қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска киюге міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілетін болады», деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, студенттер, педагогтар мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа «Ashyq» жүйесі арқылы кіргізіледі.