Әлем
1 мин оқу 370
Грузияда көшеде бетперде кию міндеттелді
<p style="text-align: justify;">Грузияда азаматтарға 10 тамыздан бастап көшеде медициналық бетперде кию міндеттелді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Эпидемиологтар шілденің соңынан бастап жағдайдың күрт нашарлауын тіркеп отыр. Ел билігі азаматтарды келесі локдауннан аулақ болу үшін белсенді вакциналауға шақырды.
Сондай-ақ ол елде түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынғанын және мейрамханалар түн ортасынан таңғы беске дейін жабылғанын еске салды.
Пандемия басталғаннан бері Грузияда 450 мыңнан астам жағдай тіркелді, 6000-нан аса адам қайтыс болды.
Бөлісу: