Аймақтар
1 мин оқу 170

Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ағымдағы жылы 10 тамыз күні кешкі сағат 19:30 шамасында облыс орталығында екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/qyzylordada-zhol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Бөлісу: