Оқиға
1 мин оқу 546

Қарағандылық судья тоғыз жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Ғабдуллин алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан ақпараттық порталы мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәлімдеуінше, үкімді 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты шығарды.

Күдікті «Оливия» ұйымының заңгері Кантер-Скрипкинаны судьяларға 8 миллион теңге пара беруге арандатты деп айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, бұл үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьялары кәсіпорынның талап-арызын қанағаттандыруға тиіс болған.

«Оливия» ЖШС заңгері Кантер-Скрипкина пара бермек болғаны үшін үш жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қарағандылық судья тоғыз жылға сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар