Шымкентте лауазымды тұлғалардың ұсталғаны рас па?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аталмыш басқарманың лауазымды тұлғалары қамауға алынғаны жөніндегі хабарламасынан кейін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес келесіні мәлімдейміз: Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында. Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түскен жоқ», делінген Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Instаgrаm-дағы ресми парақшасында.