Әлем
1 мин оқу 261

Қытай караокені бақыламақ

<p style="text-align: justify;">Қытай ұлттық бірлікке қауіп төн&shy;діреді деген желеумен &laquo;заңсыз маз&shy;мұны бар&raquo; караоке әндеріне ты&shy;йым сал&shy;мақ. Осылайша, Бейжің билігі елдегі 50 мыңға жуық ойын-сауық орнын бақылап, аумақтық тұтастыққа, діни сая&shy;сатқа қауіп төндіретін әндерді шектемек. Оның орнына мәтінінде Ком&shy;мунистік партияның ұстанымына қарсы келмейтін әндер қойылуға тиіс.</p>

Қытай караокені бақыламақ

Қытай Мәдениет және туризм ми­нистр­­лігінің хабарлауынша, 1 қазан­нан бас­тап, бүкіл елде «заңсыз мазмұны бар» ән­дерді қоюға тыйым салынады. Осы мер­зімге дейін «қара тізімге» енген өле­ңдер туралы толыққанды мәлімет берілмек.

Министрліктің айтуынша, ұлттық бірлікке, егемендікке немесе тер­ри­то­рия­лық тұтастыққа қауіп төндіретін, культтерді, ырымдарды насихаттау арқы­лы мемлекеттік діни саясатты бұза­тын немесе құмар ойындар мен есірт­кі тәрізді заңсыз әрекеттерді насихаттайтын мазмұндағы әндер «қара тізімге» енгізілмек.

Караоке қожайындары шырқалатын әндердің мазмұнына жауапты болмақ. Әйтсе де, Қытайда 50 мыңнан астам ойын-сауық орны мен 100 мыңнан астам ән бар. Бұл бақылауды қиындатпақ.

Министрлік караокелерге «заңсыз мазмұны бар» әндердің орнына саясатқа сай, көтеріңкі музыка қоюға кеңес берді.

Қытай зорлық-зомбылықты, порнографияны насихаттайтын бүкіл контентке тыйым салған. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен веб-сайттарды бақылап, сая­си тақырыпта сыни пікір жазатындарды қудалайды.

Бөлісу:
Қытай караокені бақыламақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар