Экономика
2 мин оқу 183

Стартапшыларды қаржыландыруға кірісті

<p style="text-align: justify;">Astana Hub IT-өнімдерін шығарумен айналысатын бәсекеге қабілетті Қазақстанның, ТМД-ның және бүкіл әлемнің стартапшыларына арнап, Seed Money бағдарламасын іске қосты. Соған сәйкес, тың жобалардың авторларына 47 мың доллар немесе 20 млн теңгеге дейін қаражат алудың мүмкіндігі туып отыр.</p>

Стартапшыларды қаржыландыруға кірісті

Бұл қаражатты иелену үшін үміткерлерге конкурстық ірік­теу­ден өтіп, Astana Hub қатысу­шысы­на айналу қажет. Шетелдік жоба­лардың авторларына осы сын­ға түсу үшін еліміздің астанасы­на уақытша қоныс аударуға тура келеді.

Seed Money-дан бөлек, үміт­кер­лер акселерацияның қатысу­шылар ретінде кең ауқымды қол­­дау­­мен қамтылады. Атап айт­қанда, IT-жоба авторларына тегін жұ­мыс кеңістігі, оқыту және тәлім­гер­лік курстары ұсынылып, 500 IT-ком­паниядан тұратын инвес­­тор­лар мен салалық қауым­дас­тық өкілдерімен байланыс орна­ту­мен бірге салықтық және виза­лық преференциялар, сондай-ақ PR бағытта қолдау мүмкіндігі беріледі.

Astana Hub-тан қаржылан­дыру теті­гіне қол жеткізу үшін ірік­­теу­дің 6 кезеңінен өту шарт. Оған өтінім беру және оны тек­серіп қарау, өтінімді сара­лау, презентацияға жобаларды іріктеу, питч-презентация, ко­мис­сия­ның шешімі және соңын­да үміт­кер­лермен шарт жасасу кіреді. Жеңім­паздар үш жыл көле­мінде өз та­быс­тарынан қосымша 1%-ды Asta­na Hub-тың еншісіне аударуға, сон­дай-ақ басқа стартаптарды дамы­туға көмектесуге міндетті болады.

Тәуелсіз сарапшылардан жа­сақталған комиссия MVP, Product-Market Fit және Scale сын­ды бір­неше кезеңде 35 үздік жобаны ірік­тейді. Бұл ретте IT саласына қатыс­ты кез келген технологиялық және иннова­ция­­лық жаңа жоба Astana Hub басымдық берген қызмет түр­леріне сәйкес келсе, аталған бағ­дар­ламаға қатысуға құқылы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Seed Money бағдар­ламасы IT-өнімдерінің экспортын ынталандырып, тәжірибе алмасу­ға және үздік тәжірибелерді ен­гізу­дің нәтижесінде жергілікті кадр­лар­ды дамытуға оң әсерін тигізеді.

«Қаржыландыру revenue share (табысты бөлу) моделі негізінде жүзеге асырылады. 3 жыл ішінде бағ­дарламаға қатысушы әр тоқ­сан сайын түскен табыстың 1% мөл­шеріндегі қаражатты төлеу­ге мін­детті. Бұл өз кезегінде алда­ғы стартапшылардың жаңа легін қар­жыландыруға жол ашады», деді Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мәдиев.

Өтінімдерді қабылдау 2 тамызда басталып, аяқталу мерзімі стартаптың даму сатысына байланысты болады.

Бөлісу:
Стартапшыларды қаржыландыруға кірісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар