Аймақтар
1 мин оқу 1,032

Атырауда Жайық өзеніндегі көпір жабылады

<p style="text-align: justify;">Атырауда Жайық өзенінің үстінде бірнеше көпір салынған. Ертең соның бірі жабылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда Жайық өзеніндегі көпір жабылады

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты «Балықшы-Жұмыскер» бағытындағы көпірде автокөлік қозғалысын тоқтату көзделіп отыр.  

«Жөндеу кезінде көпір құрылымының деформациялық қосылыстарын демонтаждау және ауыстыру, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Құнанбаев көшесінен бастап «Балықшы-Зарослый» бағытымен қатынайтын тас жолда автокөлік қозғалысы тоқтатылады. Осы орайда, автокөлік жүргізушілері қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда Жайық өзеніндегі көпір жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар