Қазақстан
1 мин оқу 330

Тауарлардың ұлттық каталогында не қамтылған?

<p style="text-align: justify;">Сауда министрлігінің алқа мәжілісінде &laquo;Тауарлардың ұлттық каталогы&raquo; жобасын әзірлеу барысы талқыланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, Тауарлардың ұлттық каталогының жобасын әзірлеу «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты – нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну.

«Бүгінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді, сондай-ақ интерфейс макеті әзірленді», деп түсіндірді Әсел Жанасова.

Вице-министр өз баяндамасында каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылатынын, ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болатынын хабарлады.

Бөлісу: