Аймақтар
1 мин оқу 164

Қызылорда облысында модульдік стационар іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында модульдік стационар жұмысы іске қосылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-modul-dik-stacionar-zhumysy-iske-kosyldy_a3823147" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ҚазАқпарат</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Бүгінгі күні Қызылорда облысында індет жұқтырған 12 784 адам тіркеліп, соның ішінде 9 828 науқас жазылды. Пневмониямен ауырған 1867 науқастың 1580-і емделіп шықты.

Осы жылдың маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін арттырылды. Ал реанимациялық төсек-орын 90-нан 172-ге дейін көбейтілді. Қазіргі жүктеме 55 пайызды құрап отыр.

Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар ашылып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдау басталды. Стационарда режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Қажетті дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құралдар жабдықталды.

Өңірде 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда.

Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 61,4% вакциналанды. Қыркүйек айында көрсеткіш 85% орындалады деп жоспарлануда. Вакцинациялау жұмыстары облыс бойынша 106 егу кабинетінде жүргізілуде, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Облыста «Ashyq» жобасы арқылы 2749 нысан жұмыс жасауда.

Бөлісу: