Жапониядағы нөсер салдарынан жүз мыңдаған адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Кюсю аралындағы қатты нөсер Нагасаки қаласы мен Жапонияның оңтүстік-батысындағы басқа да елді мекендердің жүз мыңдаған тұрғынын қиын жағдайға қалдырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.reuters.com/world/asia-pacific/japan-asks-hundreds-thousands-evacuate-amid-torrential-kyushu-rains-2021-08-12/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Reuters</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Жергілікті билік Кюсю аралының кейбір орталық бөліктерінде ең қауіпті бесінші деңгейдегі эвакуациялау туралы бұйрық шығарып, тұрғындарды өз өмірлерін қорғау бойынша шұғыл шараларға жүгінуге шақырды.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, Нагоми қаласындағы өзен арнасынан асқан. Билік 3 839 үй шаруашылығын эвакуациялануға шақырды. Қазіргі кезде толассыз жауған нөсер жаңбыр Кюсю аралының батысына қарай жылжып барады.