Аймақтар
1 мин оқу 1,180

Қарбызға қарық қылды

<p style="text-align: justify;">Істің қиюын тауып, бабын кел&shy;тірсе, климаты қатаңдау Арқа төсінде де қаулатып қар&shy;быз өсіру&shy;дің әбден мүмкін екен&shy;дігін Жа&shy;ңаарқа ауда&shy;нының тұр&shy;ғыны Сер&shy;жан Түсіпбеков іспен дәлелдеді.</p>

Қарбызға қарық қылды

Үбірлі-шүбірлі бала-шағасы бар Сержан Түсіпбеков қарбыз өсіріп, жер­лестерін дәмі тіл үйірген жеміспен қам­тамасыз етуді біраз жылдан бері ойластырып жүр­ген екен. Өз бетімен ізденіп, бұл са­ладағы тәжірибелерді жан-жақты зерттеген.

Содан кейін барып аудан әкімі Юржан Бекқожинге жолығып, көмек сұраған. Кәсіпкердің бизнес жос­пары­мен танысқаннан кейін, жергілікті басшы оның өтінішін қана­ғаттандырып, жер алуына ықпал етеді.

Міне, осылайша идея іске асып, еңбек­қор кәсіпкер Сержан Түсіп­беков жер мәселелері жөніндегі ко­мис­сияның шешімімен берілген екі гектар жерге қар­быз өсіреді.

Ала жаздай төккен маңдай тер зая кетпей, бүгінде кәсіпкер өсірген қарбыз мол өнім берді. Бұл істе, әрине, ағайын-туыстың кө­мегі де зор болған. Алдағы уақыт­та кәсіпкер Сержан Түсіп­беков егіс алқабын ұлғайтып, же­міс-жидектің басқа да түрлерін өсір­мекші.

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы

Бөлісу:
Қарбызға қарық қылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар