Коронавирус
1 мин оқу 1,180

Карантинде той жасаған блогер жауапқа тартылады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда карантин кезінде блогерлердің қатысуымен үйлену тойы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлер Instagram әлеуметтік желісінің мониторингі кезінде үйлену тойында түсірілген видеоны анықтады. Оған бірнеше танымал блогер қатысқан.

Уәкілетті орган тойдың астананың сол жағалауындағы Қорғалжын тас жолының бойындағы мейрамханада болғанын анықтады.

«Мейрамхана иесіне, блогерге және той қонақтарына қатысты жиналған материал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Карантинде той жасаған блогер жауапқа тартылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар