Әлем
1 мин оқу 381

Канада Ауғанстандағы елшілігін эвакуациялау үшін арнайы жасақ жібереді

<p style="text-align: justify;">Канада билігі Кабулдағы елшілігін күзету үшін арнайы жасақ жібереді. Олар қызметкерлерді эвакуациялауға көмектеседі. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТАСС агенттігіне&nbsp;<a href="https://tass.ru/mezhdunarodnaya-panorama/12119465">сілтеме</a> жасап хабарлады.</p>

Әскерилер дипломаттарды эвакуациялап, елшілік жабылғанша күзетеді. Әзірге жіберілген әскер саны туралы ақпарат берілмеген.

АҚШ үкіметі бейсенбі күні Кабулдағы елшілігінде істейтін қызметкерлерін қысқартатынын мәлімдеді. Оларды эвакуациялауға АҚШ әскері көмектеседі. Алдағы екі күнде 3 мыңға жуық әскери қызметші осы мақсатта Ауғанстан астанасына келеді.

Бөлісу:
Канада Ауғанстандағы елшілігін эвакуациялау үшін арнайы жасақ жібереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар