Спорт
1 мин оқу 244

Әли Балоевтің кезекті жекпе-жегінің уақыты белгіленді

<p style="text-align: justify;">Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) келесі жекпе-жегін 20 тамызда Дубай қаласында (БАӘ) өткізеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚазАқпаратқа <a href="https://www.inform.kz/kz/ali-baloevtin-afrikalyk-nokautshymen-zhekpe-zheginin-uakyty-ataldy_a3823520" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

Әли Балоевтің кезекті жекпе-жегінің уақыты белгіленді

Балоевтің қарсыласы Камерун өкілі Ролли Ламберт Фогум (11-1-1, 10КО) болады.

Кездесу 10 раундқа есептелген. D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды. Әли Балоев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Беларусь боксшысы Юрий Быховцевтен (10-21-3, 5КО) басым түскен болатын.

Бөлісу:
Әли Балоевтің кезекті жекпе-жегінің уақыты белгіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар