Доллар қайта қымбаттай бастады
<p style="text-align: justify;"><a href="https://kase.kz/ru/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE</a> Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 тамыз кешімен салыстырғанда 0,73 теңгеге өсіп, АҚШ долларының орташа бағамы 425,01 теңге болды. Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,24 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,15 теңгеден сатылса, сатып алу - 426, 66 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 425,98 теңгені құрады.