Ауа райы
1 мин оқу 710

Демалыс күндері ауа райы салқындайды

<p style="text-align: justify;">Демалыс күндері Қазақстанда күн салқындайды. &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжамға сәйкес, антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде температураның төмендеуіне әкеледі.

«Оңтүстікте термометр бағандары күндіз 22...30 градусқа, оңтүстік-шығыста 17...25 градусқа, ал шығыста 15...25 градусқа дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтарда ауа райы аздап жылынады. Мұнда ауа температурасы 23...28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары келіп, ауа температурасы 32...40 градус болады», делінген хабарламада.

Бөлісу: