Қазақстан авиациясының қауіпсіздігі 84%-ға көтерілді
<p style="text-align: justify;">Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15% жоғары, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/241618?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
«Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15% асып, 84% жетті», деп хабарланды министрліктен.
ИКАО стандарттарына сәйкестіктің артуы келесі салаларда тіркелді:
- Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;
- Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;
- Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;
- Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;
- Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.
Осылайша, Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестігінің орташа деңгейіне қол жеткізіп отыр.
«Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналасып отырмыз және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз. Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекеттерге қолжетімді болады», деп жазады ҚР ИИДМ.