Қоғам
1 мин оқу 230

Колонияға 14 телефон өткізбек болған адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне ер адам скотчпен оралған 14 телефонды, 76 SIM-картаны және бес зарядтау құрылғысын термопот электр шәйнегінің түбіне жасырып өткізуге тырысқан.

Мекеме, 3660 ә/б және мамандандырылған прокуратура қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды беру фактісіне жол берілмеді.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қалалық сотына жіберілетін болады», деп түсіндірді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Бөлісу:
Колонияға 14 телефон өткізбек болған адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар