Алматыда қант бір адамға бес келіден артық сатылмайды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.</span></p>
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды.
«Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен», деп түсіндірді әкімдіктен.
Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.