Биыл ауыл шаруашылығы өнімдері артты
<p style="text-align: justify;">Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4% - ға артып, 1 997,3 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% - ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/241778?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>

Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Ақмола – 111,8%, Жамбыл – 104,2%, Павлодар – 103,9%, Шығыс Қазақстан, Қарағанды-103% және Қостанай – 102,7% облыстарында байқалды.
Мал шаруашылығындағы мал мен құс санының барлық шаруашылық түрінде өскен. Ірі қара мал басы 4,8% – ға артып, 9 млн басты, қой мен ешкі – 2,5% – ға 24,1 млн басты, жылқы-9,4% - ға 3,5 млн басты құраса, құс-7,1% - ға 49,7 млн басқа жеткен.
Көрсетілген кезеңде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,9% - ға өсіп, 1 228,4 млрд теңгені құрады.