Аймақтар
1 мин оқу 143

Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы&raquo; мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 тамыз күні Алматы уақытымен 09 сағат 35 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – 4.1.

Эпицентрінің координаттары 41.91° с.б. 79.27° ш.е.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Мәлімет 14 тамыз күні сағат 09.44-те жарияланды.

Бөлісу: