Теннис
1 мин оқу 200
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреаль WTA 1000 турнирінде жұптық сында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.</p>
Жұптық сында Елена Рыбакина мен ресейлік Вероника Кудерметова норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Кэтрин Харрисонмен кездесті. 56 минутқа созылған ширек финалда қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ұтты.
Матч барысында Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 3 эйс, 5 брейк жасады.
Енді Рыбакина мен Кудерметова жартылай финалда канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.
Бөлісу: