Әйелдер күресінен әлем чемпионатына кім қатысады?
<p style="text-align: justify;">Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
16-22 тамыз аралығы Ресей Федерациясы, Уфа қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында (U-21) әлем чемпионаты өтеді.
Қыздар күресінен ел намысын 10 балуан қорғайды. Олар:
50 келі: Маркашева Аяжан (Шымкент)
53 келі: Баянова Зейнеп (БҚО)
55 келі: Дүйсенғалиева Сандуғаш (Шымкент)
57 келі: Раймова Нилюфар (Түркістан облысы)
59 келі: Аман Мадина (Түркістан облысы)
62 келі: Болд Жангүл (Ақмола облысы)
65 келі: Токташ Аяжан (ШҚО)
68 келі: Панасович Анастасия (БҚО)
72 келі: Зайцева Александра (Ақмола облысы)
76 келі: Мулкинова Дильназ (Алматы)