Аймақтар
1 мин оқу 2,040
Алматы облысында жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.1, магнитудасы – 4.5.
Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған.
Күрті ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.
Бөлісу: