Әлем
1 мин оқу 181

Ауғанстанда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Алматыдан 864 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 16 сағат 41 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 864 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.2, магнитудасы – 5.5.

Жерасты дүмпуі 45 шақырым тереңдікте болған.

Бөлісу:
Ауғанстанда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар