Хоккей
1 мин оқу 261

«Барыс» ҚР Президенті кубогының иегері атанды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; финалда Қарағандының &laquo;Сарыарқа&raquo; командасымен кездесті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесудің алғашқы он минутында елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соқты.  Оны 4-минутта Кертис Волк, 6-минутта Егор Шалапов, 9-минутта Мэттью Фрэттин салды.

«Сарыарқа» хоккейшілері де қарап қалған жоқ. Степан Грымзин мен Сергей Голоднюк таразы басын теңестірді.

«Барысқа» жеңіс әкелген ұпайды 33-минутта Якоб Лилья, 39-минутта Даррен Диц, 49-минутта Егор Петухов, 59-минутта Роман Старченко соқты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, ҚР Президентінің кубогына ие болды.

«Сарыарқа» – екінші орын, Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы үшінші орынды еншіледі.  

Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.

Бөлісу:
«Барыс» ҚР Президенті кубогының иегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар