Коронавирус
1 мин оқу 591

Ashyq қолданушыларына әрдайым есік ашық

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында Ashyq жобасын пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарына сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істеуге рұқсат берілді.</p>

Ashyq қолданушыларына әрдайым есік ашық

 Пандемия басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында 32 683 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тіркелген. Ал 1 тамыздан бері COVID-19 158 адамнан анық­талды. Науқастың көбі, яғни 553 адам Орал қала­сын­да тіркелген. Сондай-ақ Бөрлі ауданында – 258, Бәйтерек ауда­нында – 229, Теректі ауда­нында – 83, Қазталов ауданында 76 адамның коронавирус жұқ­тыр­ғаны анықталды.

Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшы­сы­ның орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, соңғы аптада өткен аптамен салыс­тыр­ғанда аурушаңдық 11,1%-ға төмен­деген.

Облыста 11 тамыз күні коронавирус диагнозымен 169 науқас жа­ңадан тіркелді. Олардың тең жартысы жұмыс істейтін адамдар болса, 4 пайызға жуығы балабақшаға, лагерге бармайтын балалар екен.

Ashyq қосымшасы «сары» немесе «қызыл» дәрежесі бола тұра карантин тәртібін сақтамай, көпшілік орындарға баратын тұлғаларды анықтауға септігін ти­гізуде. Соңғы аптада ғана осындай 36 адам әшкере болған. Олар­ға Әкімшілік кодекстің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша жалпы көлемі 2 289 845 теңге мөлшерінде бар­лығы 53 әкімшілік хаттама толтырылған.

Елі­мізде коронавирусқа қар­сы екпе науқаны басталғалы Батыс Қазақстан облысында вак­ци­наның бірінші компонентін 179 964 адам, екінші компонентін 137 440 адам салдырды. Бүгінде облыс бойынша барлығы 62 екпе пункті жұмыс істеп тұр.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Ashyq қолданушыларына әрдайым есік ашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар